USD
USD
USD

Коронавирус жұқтырған 144 дәрігерге 200 мың сомнан төленді

Денсаулық сақтау ұйымдарының коронавирус жұқтырған 144 қызметкеріне 200 мың сомнан ($2,5 мың) өтемақы төленді. Бұл туралы 11 қыркүйекте денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Айнұр Акматова хабарлады.

Коронавирус жұқтырған 144 дәрігерге 200 мың сомнан төленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, коронавирустан қайтыс болған 21 дәрігердің отбасына 1 млн сомнан ($12,6 мың) өтемақы төленді. Дегенмен Акматова коронавирус жұқтырған басқа да дәрігерлерге және вирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төленер-төленбесін айтпады.

Коронавирус пандемиясы кезінде республикада 3163 медицина қызметкері вирус жұқтырып алды. 30 шілдедегі мәлімет бойынша, коронавирустан 73 медицина қызметкері, соның ішінде 44 дәрігер коронавирустан қайтыс болды. Үкімет коронавирус жұқтырып алған дәрігерлерге 200 мың сомнан өтемақы төлеуге уәде берген. Алайда шілденің аяғында бірде-бір дәрігер өтемақы алмағаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны