USD
USD
USD

Коронавирус жүкті әйелден анықталды

Алматы облысында  короновирус жұқтырған тағы үш жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.  

Коронавирус жүкті әйелден анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі жағдай облыстың екі ауданында тіркелді. Біріншісі - 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавируспен ауырған адаммен байланыста болған.  Əйел адамнан анализдер алынды. Талдау қорытындысы бойынша ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды.

Екінші жағдай - Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы OZ 577 рейсімен ұшып келген. Ал үшіншісі - 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғыны. Вирус анықталған азаматша жүктіліктің 21-22 аптасында. Сырқаттардың барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда", - делінген хабарламада.
Алматы облысының əкімі Амандық Баталов індет анықталған аудандардың əкімдеріне дезинфекциялау шараларын күшейтуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция