USD
USD
USD

Коронавирус жайлы құпия бар ма?

Гонконгтен АҚШ-қа қашқан ғалым Ли Мэн Янь Қытай билігі жаңа коронавирус туралы әлемге жария етпес бұрын ол туралы білгенін мәлімдеді. Бұл туралы вирусолог Fox News телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында айтты.

Коронавирус жайлы құпия бар ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Менің АҚШ-қа келуімнің басты себебі – COVID туралы шындықты айту», – дейді ол.

Ғалым бұл оқиғаны Қытайда айтатын болса, «жоғалып кететінін немесе өлтірілетінін» атап өтті.

Янь әлемде COVID-19-ды зерттеген алғашқы маманның бірі екенін жеткізді. Ол 2019 жылы ДДҰ референтті зертханасындағы жетекшісі доктор Лео Пуннан материктік Қытайда тіркелген SARS ауруынан ұқсас (атипиялық пневмония – автор) дерттің үлгісін талдауға тапсырма алыпты.

31 желтоқсанда Янның досы, ауруды бақылау және алдын-алу орталығының ғалымы оған вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін айтқан. Бұл Бейжің мен ДДҰ COVID-19 вирусын ресми түрде мойындағаннан әлдеқайда ертерек болған.

Вирусологтың айтуынша, оның басшылары көптеген адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін зерттеулерді елемеген. Сондай-ақ, оған «қызыл сызықтан өтпеуге кеңес беріпті».

ДДҰ мен Қытай билігі Ли Мэн Янның сұхбатына түсініктеме бере отырып, коронавирустың таралуы туралы ақпаратты жасырды деген айыптауларды жоққа шығарды. Халықаралық ұйымдардың өкілдері Fox News телеарнасына Янь, Пун және Пейрис есімді мамандардың ДДҰ зертханасында жұмыс істемегенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға