USD
USD
USD

Коронавирус үй жануарларынан адамға жұға ма?

Соңғы күндері кейбір интернет-ресурстар ит пен мысық коровируспен ауырады деген мәлімет таратып жүр.

Коронавирус үй жануарларынан адамға жұға ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазір осы мәселеге байланысты Алматыдағы ветеринарлық клиникаларға қоңырау шалушылар күрт көбейген. Ветдәрігерлер «қауесетке сенген алматылықтар үй жануарларынан бас тарта ма» деп алаңдайды. Сала мамандары бүгін арнайы баспасөз мәслихатында коронавирус инфекциясы ит пен мысықтан адамға жұқпайтынын мәлімдеді. Тіпті адамнан үй жануарына жұғу дерегі де тіркелмеген. Себебі жануар мен адам жасушасы әртүрлі болады. «Сондықтан үй жануарларынан сескенудің қажеті жоқ», - дейді ветеринарлар.

Ветеринарлық медицина орталығының бас дәрігері Анна Аметова: "Мысық пен иттің ағзасындағы коронавирус инфекциясы бізге бұрыннан таныс. 2007 жылдан бері үй жануарларының ағзасынан коронавирус анықталып тұрады. Адамға тән коронавирус бета вирусқа жатады. Ал, мысықтарға тән коронавирус альфа вирусқа жатады. Ал, альфа мен бета арасында ешқашан мутация болмайды" деді.

Қазір оқып жатыр

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама