USD
USD
USD

Коронавирус: тұңғыш рет жағдай оңала бастады

Соңғы тәулікте жаңа вирус тудырған аурудан жазылғандардың саны тұңғыш рет жаңадан коронавирус жұқтырғандардан асқан.

Коронавирус: тұңғыш рет жағдай оңала бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 19-ақпанда Қытайдағы коронавирус індеті тағы 136 адамның өмірін жалмады.  Осылайша COVID-19 коронавирустен көз жұмғандар саны 2011-ге жетті. Бұдан бөлек Қытайда тағы 1 749 адамның ауру жұқтырғаны белгілі болды, осылайша елдегі дертке шалдыққандар саны 74 мың 186 адам болды.

Дегенмен соңғы тәулікте үміт пайда болған секілді. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, тұңғыш рет бір күн ішіндегі жазылғандардың саны ауырғандардың қарасынан асып түскен. Бір тәулік ішінде ауруханадан 1 824 адам жазылып шығыпты. Жалпы күні бүгінге дейін бұл дерттен 14 мың 376 адам айыққан көрінеді.

 

Қазір оқып жатыр

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.