Референдум Референдум
USD
USD
USD

Коронавирус: Цифрлар сөйлеп тұр

Бүгін-ертең вакцина табылып қалар деп коронавирус індетімен тағы бір аптаны өткіздік. Осы 168 сағаттағы вирус дерегін көрсететін цифр еселеп көбейіп кетті. 

Коронавирус: Цифрлар сөйлеп тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізде болса өткен сәрсенбіде әлем бойынша вирус жұқтырғандар 100 мыңнан сәл-ақ асып тұрған. Осы аптада ол көрсеткіш 200 мыңға жетіп қалды. 

Бір қызығы, Қытайдың вирусты қалай тоқтатып отырғаны. Италия, Испания мен Германия, Франция һәм Ирандағы жағдай мүшкіл. Төмендегі инфографикаға мұқият қарасақ, Қытайдан басқа елдер апта ішінде вирус жұқтырғандарды еселеп көбейткен. Си Цзиньпин елі ғана тасбақа жүріспен аяңдап келеді. 

«Туризм қауіпті болған кез» деп жасаған болжамымыз расқа айналды. Өйткені індетті еселеп көбейткен Италия, Испания, Германия болсын туризмге ден қойған. Осы орайда Қазақстанға келетін вирустың негізгі бөлігі Түркиядан деп болжаған едік. Бірақ, Түрік билігінің сарабдал саясаты шығар, ондағы зардап шегушілер тым көп емес. Туризм дамыған елдермен салыстырмалы түрде айтқанда, әрине. 

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жаппай карантин жарияланды. Ендігі ел билігінің ауқымды ісіне тілекші болу ғана. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда