USD
USD
USD

Коронавирус таралған елдерден қанша адам келді?

Қытайдан келген 185 адам Қазақстанға келген соң карантинге жатқызылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

Коронавирус таралған елдерден қанша адам келді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «185 адам бар, олар бірінші категориядағы елдерден келген – ҚХР. Әзірше олар карантинде. 1 наурыздан бастап біздің тізім толықтырылады – Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Иран елдері қосылады. Олардың барлығын ауруханаға жатқызайын деп жатқан жоқпыз. Вирустың белгілері бар адамдар ғана станционарға жатқызылады», –  деді Біртанов. Сондай-ақ, министрдің баяндамасы бойынша, қазір 2 235 адамның медициналық бақылауда екені айтылады. Бұдан бөлек үшінші категориядағы елдерден келген 1401 адамның бақылауда екені айтылады.

Соңғы деректер бойынша, әлем бойынша 82 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал қайтыс болғандардың саны 2801 адамға жеткен.

Қазір оқып жатыр

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы дебюттік голын соқты

.

БҚО-дағы аурухана қатерлі ісікке шалдыққан науқастың отбасына 1,4 млн теңге өтемақы төлемек

Науқас

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

ү

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG