Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирус тағы келе жатыр...

Соңғы бірер күнде коронавирусқа қатысты жаңалықтардың аужайы күрт өзгерді. «Коронавирус жұқтыру қаупі артты...», «Ауырғандар алаңсыз болмасын, қайта жұқтыруы мүмкін...», «Нұр-Сұлтанда карантин шаралары қатаңдатылды...», «Вирус жұқтырғандардың саны көбейді...», тағысын-тағылар.

Коронавирус тағы келе жатыр...
Фото: NEGE.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі хабары тіксінтіп тастады. Бір тәулікте коронавирустан 5 адам, пневмониядан 3 адам көз жұмыпты.

Министрліктің хабарлауынша,  өткен тәулікте ғана 321 адамнан коронавирустық пневмония анықталыпты. 83 адамнан коронавирустың өзі табылыпты. Мұның ең көбі Солтүстік Қазақстанда – 12 адам. Нұр Сұлтанда – 7, Алматыда – 10 адам.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 862 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 88 өскіншек (жеткіншек – ред.) бала бар. Стационарларда 2 073 науқас жатыр. 789 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 79 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрілігінің медиа орталығы.

Естеріңізге салайық, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 108 984 адам вирус жұқтырып, 104 346 адам жазылып шықты. Дерттен өлгендердің саны – 1 776 адам. 1 тамыздан бері 35 234 адам вируспен тіркеліп, 373 адам көз жұмған.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі