USD
USD
USD

Коронавирус семіз адамдарға аса қауіпті екен

Профессор, иммунология және аллергология бойынша жоғары санаттағы дәрігер Рафаил Розенсон коронавирус құлыптың кілті сияқты ACE2 рецепторы бар клеткаларға ғана енетінін мәлімдеді.

Коронавирус семіз адамдарға аса қауіпті екен
Фото: NEGE.kz

Aлматы. NEGE. "Қазір бүкіл әлемде бұл инфекция табиғи жолмен емес, зертханалық жолмен пайда болды деген күдік бар. Өйткені вирус құлыптың кілті сияқты, барлық жасушаға емес, ACE2 рецепторы бар клеткаға ғана енеді. Ал ACE2 рецепторларының саны, организмде бөлінуі әр адамда әрқалай және біз оның жалпыға ортақ заңдылықтарынан ғана хабардармыз. Адам жас болған сайын, ACE2 рецепторлары соғұрлым аз болады. Бұл рецепторлар әйелдерге қарағанда, ерлерде сәл көбірек. Сондай-ақ, ACE2 семіздікке шалдыққан адамдарда көп кездеседі", - деді дәрігер.

Сол себепті, ол коронавирустың келесі толқынына, яғни қыркүйектің ортасы мен қазан айына дейін артық салмақтан арылуға кеңес берді. Өйткені күзде басталатын толқын тұмаумен қатар келіп, қазіргіге қарағанда ауырлау өтеді.

"Кейбір адамдар вирус жұқтырып алғаннан кейін, бірден жансақтау бөліміне түседі. Ал енді бірі апталап дене қызуы көтеріліп, мұрны бітеліп, тұмауратады. Бұл адамдардың иммунитетіне, азғасына байланысты. ACE2  рецепторлары аз адамдар респираторлық инфекциямен ұзақ уақыт ауырып, кейін құлан-таза айығып кетуі мүмкін. Ал рецепторлары көптер немесе вирустың ауыр түріне шалдыққандар ауруханадан бір-ақ шығады", - түсіндірді Розенсон.

 

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

.

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.