USD
USD
USD

Коронавирус салдарынан адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды

 Коронавируспен ауырған адамдар арасында есте сақтау және ойлау қабілеті нашарлағандар саны артқан. 

Коронавирус салдарынан адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ашушаңдық, күйзеліске түсу сынды салдары да бар екен. Бұл туралы Алматы психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев айтты. Дәрігердің айтуынша, коронавируспен ауырғандардың денсаулығындағы асқынулар аурудың өту деңгейіне тікелей байланысты. Психологиялық әлсіздік те дертті асқындырады екен. Мұндай жағдайда психолог көмегіне жүгінген дұрыс дейді мамандар. Таза ауада көп серуендеп, кітап оқу да психикалық ауытқушылықты қалпына келтіруге көмектеседі. 15 шілдеден бері аталған психикалық сауықтыру орталығында 864 адам емделіп, олардың жартысы аурудан құлан таза айыққан.

Психикалық сауықтыру орталығының директоры Сапар Рахменшеев: "Қорқынышқа бейім адамдар тез ауырып қалады. Күйзеліске түскен адамның ағзасы қорғана алмайды. Мұндай адамдармен тек психологтар мен психиатрлар жұмыс істейді. Бұрыннан жүйкесі сыр бергендер де бізде ем қабылдайды. Біз оларға психиатриялық және медициналық көмек көрсетеміз. Нәтижесі айтарлықтай жақсы", – деді.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика