USD
USD
USD

Коронавирус салдарынан 60 млн жуық адам кедейлікке ұшырауы мүмкін

Коронавирус пандемиясы мен дамыған елдердің экономикасының тоқтап қалуы әлемдегі 60 млн жуық елдің кедейлікке ұшырауына алып келуі мүмкін, деп мәлімдеді Дүниежүзілік банк (ДБ).

Коронавирус салдарынан 60 млн жуық адам кедейлікке ұшырауы мүмкін
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Пандемия мен дамыған елдер экономикасының ішінара тоқтауы 60 млн жуық халықты кедейлікке ұшыратуы және кедейлік масштабын қысқарту саласында соңғы жылдары қол жеткен жетістіктердің көбін жоқ қылуы мүмкін», - делінген банктің ресми сайтындағы хабарда.
ДБ тобы, атап өтілгендей, 100 дамушы елде COVID-19 індетімен күрес бойынша шұғыл операциялар жүргізуде, ол елдерде планетамыздың 70% халқы тұрып жатыр.
Наурыздан бері ДБ дамушы елдерге халықтың кедей және әлсіз топтарын қорғау, денсаулық сақтау жүйесін нығайту, жеке секторды қолдау және экономиканы қалпына келтіруді жеделдету мақсатында елдерге 15 айға жоспарланған көмектің $160 млрд көлемін грант және қаржылай қолдау түрінде жолдаған.
ДБ нақтылағандай, 100 елдің 39-ы Африкада Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан. Барлық жобалардың үштен бір бөлігі Ауғаныстан, Гаити, Нигер және Чад секілді жағдайы тұрақсыз және қақтығыс жүріп жатқан елдерде жүзеге асырылуда.
Көлемі $95 млн болатын Өзбекстанға бөлінген қаржыландыру пакетінің бір бөлігі азқамтылған отбасыларға ақшалай жәрдемақы беруге және жұмыссыздарға бір реттік төлем беруге жолданған.

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров