Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Коронавирус: Ресейде өлім дерегі бойынша антирекорд тіркелді

 Ресей Федерациясында коронавирус инфекциясы бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді.

Коронавирус: Ресейде өлім дерегі бойынша антирекорд тіркелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен 24 сағат ішінде COVID-19 салдарынан 780 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Ресей коронавирус инфекциясының тарауына қарсы күрес штабы. Бұған дейін тәуліктегі антирекорд 10 шілдеде тіркелген - 752 өлім жағдайы. Өткен тәулікте 780 адам қайтыс болғаны айтылып отыр. Ауру пайда болғалы Ресейде 144 492 адам қаза тапқан. Атап айтқанда, Санкт-Петербургте 108 адам, Мәскеуде – 103, Иркутск облысында – 32 адам қайтыс болды.

«Дельта» штамына байланысты Ресей Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырғандарды емдеуге арналған нұсқаулықтардың жаңа нұсқасын дайындап жатқаны айтылады. Дегенмен Мемлекеттік Думаның депутаты және Ресейдің бұрынғы бас санитария дәрігері Геннадий Онищенконың айтуынша, инфекциядан ең маңызды қорғаныс – коронавирусқа қарсы вакциналау. Ол барлық ресейлікті COVID-19 инфекциясына қарсы екпе салдыруға шақырды.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті