USD
USD
USD

Коронавирус: Ресей алтыншы орынға шықты

Ресей коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Франциядан озып, әлем бойынша алтыншы орынға шықты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Коронавирус: Ресей  алтыншы орынға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресейде соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 10 633 адамға көбейіп, жалпы саны 134 687-ге жетті. 16 639 адам жазылып шықса, 1280 адам қайтыс болды, деп хабарлады жексенбі күні коронавирус инфекциясының таралуымен күрес жедел штабы. Соңғы мәлімет бойынша, індеттің тәуліктік өсу қарқыны - 8,6%. Жаңа тіркелген жағдайлардың 5 345-інде (50,3%) ауру белгілері байқалмаған. Жаңа жұқтыру жағдайлары 85 аймақта тіркелді. Оның 5948-і - Мәскеуде, 822-і - Мәскеу облысында, 295 - Санкт-Петербургта, 252 - Нижегород облысында, 238 - Мурманда және 136-ы - Дағыстанда. Тәулік ішінде 67 аймақта 1626 адам ауруханадан шығарылып, 58 адам қайтыс болды. Вирус жұқтырғандар саны бойынша Мәскеу көш бастап тұр. Онда 68 606 адам тіркелген. Одан кейінгі орындарда Подмосковье (14 136), Санкт-Петербург (5 029), Нижегород облысы (2 695), Дағыстан (1 798), Мурман (1694) облыстары тұр. Жұқтырғандар саны 1000-нан асқан аймақтарға Ленинград облысы, Татарстан мен Башқұртстан қосылды. Жалпы мұндай 16 аймақ бар.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.