USD
USD
USD

Коронавирус: Парижде локдаун енгізілді

Жұма күні Парижде локдаун басталды. Алайда бұл жолғы карантин тым қатаң болмайды, деп хабарлайды ВВС агенттігі. 

Коронавирус: Парижде локдаун енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирустың таралуы бойынша ең күрделі жағдай Парижде қалыптасқан. Қаланың қарқынды терапия бөлімдерінде 1200-ден астам адам жатыр, бұл пандемияның екінші толқынының шарықтау шегіндегі кезеңнен әлдеқайда көп. Қалыпты өмір салтын жүргізу үшін аса қажетті емес барлық сауда нүктелері жабылады. Бұл ретте шаштараз қызметіне қауіпсіздік шараларын сақтау жағдайында жұмыс істеуге рұқсат етілді. Тұрғындарға үйден 10 шақырымнан астам жерге алыстауға тыйым салынады. Бұл тыйымды бұзған азаматтар ресми және жазбаша түрде сапары туралы түсініктеме жазуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер