USD
USD
USD

Коронавирус пандемиясынан кейін әлемді не күтіп тұр?

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш шведтік Aftonbladet басылымында коронавирус пандемиясынан кейін әлемді күтетін екі сценарий туралы айтты, деп хабарлайды Хабар24.

Коронавирус пандемиясынан кейін әлемді не күтіп тұр?
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Біріншісі, «оптимистік» сценарий әлем елдерінің қазіргі жағдайды жеңе алатындығын білдіреді. Солтүстік мемлекеттер қалпына келтіру жоспарын жасайды, ал дамып келе жатқан елдерге көмек көрсетіледі. Гутерриш сонымен қатар коронавирусқа қарсы вакцина тоғыз ай ішінде пайда болып, бәріне қолжетімді болады деген үмітін білдірді.

Оның пікірінше, егер әлемдегі жағдайлар осы бағытта дамып, экономика қалпына келсе, онда әлем екі-үш жыл ішінде қалыпты жағдайға оралу бағытында жұмыс жүргізе бастайды. Сонымен бірге, БҰҰ бас хатшысы егер әлем елдері пандемияға қарсы іс-қимылдарды дұрыс үйлестірмесе, «пессимистік» сценарий болатыны туралы да ескертті.

Ондай жағдайда вирустың жаңа ошақтары пайда болып, дамушы елдердегі жағдай нашарлайды. Вакцина бойынша жұмыстар да кешіктірілуі немесе ол үшін үлкен бәсекелестік басталып, экономикалық мүмкіндіктері бар елдердің азуында кетуі мүмкін.

«Егер бұл сценарий орындалса, сегрегация, популизм және ксенофобия қалай өсіп жатқанын көреміз», - делінген мақалада.

БҰҰ бас хатшысының айтуынша, жаһандық қиындықтарды тек жаһандық басқарудың күшті институттарының және халықаралық ынтымақтастықтың көмегімен ғана жеңуге болады.

Қазір оқып жатыр

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Смартфон

200 мың доллар және милиондаған рубль: шекарадан қолма-қол ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай