USD
USD
USD

Канн фестивалі жазға шегерілді

 Канн фестивалі биылғы жазда өткізіледі. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, іс-шара шілденің 6-17 аралығында өтеді, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі. 

Канн фестивалі жазға шегерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әуелде фестиваль, жылдағыдай 11-22 мамыр аралығында ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын. «Өткен жылдың күзінде Канн фестивалін өткізу мерзімі әлемдегі санитарлық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін екендігін хабарлағанбыз. Осылайша, Канн онкүндігі алдын ала жоспарлағандағыдай 11-22 мамыр аралығында емес, 2021 жылдың 6-17 шілдесінде өтеді»,-делінген мәлімдемеде. 2020 жылы әйгілі фестивальді өткізу уақыты пандемияға байланысты өзгертілді. Алайда, көрермендер назарына ұсынылуы тиіс көрсетілімдердің бір бөлігі өзге фестивальдер мен кинотеатрлардағы тақырыптық қойылымдар барысында көрсетілді.

2020 жылы іс-шара вирусқа қарсы қатаң шараларды ұстана отырып, Берлин мен Венецияда ұйымдастырылды. Биылғы жылы фестивальді Бердинде ұйымдастырушылар іс-шараны өткізу мерзімі өзгергенін айтты. Сондай-ақ конкурстық көрсетілімдердің онлайн өтетіні, ал көрермендер қатысатын шаралардың мамыр айында өтетіні мәлім болды. Айта кетейік, өткен жылы пандемияның шарықтау шегіне жеткен кезінде Канн фестивалін ұйымдастырушылар оны көрермендермен бірге, тіпті онлайн өткізуден де бас тартқан болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығын неге ала алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт