USD
USD
USD

Коронавирус: Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын жапты

 Өзбекстан елдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауынан Ауғанстанмен шекарасын уақытша жабады.

Коронавирус: Өзбекстан Ауғанстанмен шекарасын жапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сәйкес шешімді Коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы республикалық комиссия қабылдады. «Арнайы республикалық комиссия елдегі эпидемиологиялық ахуалды есепке ала отырып, өзбек-ауған шекарасы арқылы азаматтардың қозғалысын тоқтату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Ауғанстан азаматтарына туристік визаларды беру және туристік фирмалардан визалық өтінімдерді қабылдау тоқтатылды», - делінген хабарламада. Ведомство дерегіне сай, коронавирус инфекциясы анықталған Өзбекстан азаматтары арнайы ауруханаларға ем алуға жіберіліп отырады.

Ал коронавирус анықталған шетелдік азаматтар Өзбекстан аумағына кіргізілмейді. Еске сала кетейік, Өзбекстанда КВИ ауруының тұрақты өсуі байқалады. Өткен тәуліктің өзінде 427 адам коронавирус жұқтырған. Ташкент (163) және Ташкент облысы (61) көш бастап тұр. Ауруханаларда 3 571 коронавирус жұқтырған науқас жатыр. Сонымен қатар, Өзбекстанда шетелдіктер үшін міндетті ПТР-тест жүйесі қайта енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер