USD
USD
USD

Коронавирус неден жұғады?

27 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың саны 80-ге жетті, – деп хабарлайды Қытайдың денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті.

Коронавирус неден жұғады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Эпидемияның ошағы орналасқан Хубей провинциясында вирустан қаза тапқандардың саны бір түнде 56-дан 76-ға жеткен.  Елдің басқа өңірлерінде тағы төрт өлім жағдайы тіркелген. Сонымен қатар бір күнде короновирус жұқтырғандардың үлесі 30 пайызға артқан - ауруы расталған 2744 адам бар. Олардың көбі Қытайда.  "Ауру жұқтырды деген күдігі барлардың саны 5 794", - делінген ведомство хабарламасында. Ал бір тәулік бұрын 1975 адамның ауру жұқтырып, 54 адамның қаза тапқаны хабарланған.

Қатерлі вирус Гонконг, Макао, Тайвань, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Канада, Вьетнам, Сингапур, Непал, Франция, Аустралия және Малайзия елдерінде тіркелген. "Синхуа" агенттігінің мәліметінше, қытайлық зерттеушілер короновирусты зерттеудің алғашқы қорытындысын жариялаған. 2019-nCoV электрон микросуреттері жария етілген.


Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнар көзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтапты.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт