USD
USD
USD

Коронавирус мутацияланып жатыр

Ғалымдар Испанияда коронавирустың мутацияланған жаңа түрін анықтады. Бұл туралы зерттеу авторы, Базель университетінің профессоры Эмма Ходкрофт айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. 

Коронавирус мутацияланып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Базель университеті, Цюрих политехникалық университеті мен SeqCOVID-Spain консорциумының зерттеушілері Еуропада соңғы төрт айда тіркелген коронавирус үлгілеріне баға берген. Зерттеуге алынған ең алғашқы үлгі Еуропа билігі шектеу шараларын ала бастаған кездегі шілде айындағы вирус. Мәліметтер SARS-CoV-2-нің Испанияда мутацияланған түрін анықтауға мүмкіндік берген. 

20A.EU1 деген атау берілген мутация жаз мезгілінде Испанияның солтүстік шығысындағы ауыл шаруашылығы жұмысшыларының арасында тарай бастаған. 

Ходкрофттың сөзінше, бүгінде вирустың тарауы мутациямен байланысты екені дәлелденбеген. Сондықтан 20A.EU1 коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуге кедергі келтірмейді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy