USD
USD
USD

Коронавирус мұнайдың алдында қауқарсыз. НЕГЕ?

Коронавирус қазіргі таңда энергия көздерін пайдалану қарқынын түсірсе де, болашақта әлемдік тұтыну өз қалпына келеді. Сондықтан мұнай биржаларында вирусқа қатысты үлкен ауытқулар болады деу қиын. Вирус және көмірсутектер туралы бұған дейін біраз әлемдік деңгейдегі сарапшы өз пікірін білдірген еді. Соның ішінде Shevron бас директоры Майкл Вирт де бар.  

Коронавирус мұнайдың алдында қауқарсыз. НЕГЕ?
Фото: NEGE.kz

Бүгінгі дүйсенбі - мұнай бағасы құлдырай бастаған алтыншы аптаның бірінші күні. "Бірақ оны тек қана вируспен байланыстыру дұрыс емес" дейді сарапшылар. Майкл Вирттың айтуынша, «Вирустың қалай дамитыны белгісіз. Белгілісі - Қытайдағы жолаушы және жүк тасымалының барлық бағыттары күрт қысқарды. Тиісінше, жанармайға да сұраныс азайып отыр». 

Мұнай нарықтарында инвесторлардың алаңдайтын жөні бар. Қаңтарда WTI индексі 15,56% -ға төмендеді. Бұл 2019 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш. 

Мысалы Shevron акциялары өткен жылы 7% жоғалтты. Акция құнының төмендеуі биыл да жалғасуы мүмкін. Басқа мұнай компаниялары да нарықтағы жағдайға үреймен қарап отыр. 

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси