USD
USD
USD

Коронавирус көктемде көбейе ме? Министрлік болжамы

Наурыз айында қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады. Денсаулық сақтау министрлігі халықты мейрамда үлкен той жасамауға шақырды.

Коронавирус көктемде көбейе ме? Министрлік болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов көктемде коронавирусты қанша адам жұқтыруы мүмкін екенін болжады.

«Жалпы, ақпан айындағы көрсеткіштерге қарап, наурыз және сәуір айларында 15 мыңнан 20 мыңға дейін науқас тіркеледі деген болжам жасап отырмыз. Бірақ тағы айтайық, барлығы өзімізге байланысты. Наурыз айында өзіміздің ұзақ мейрам-тойларымыз болады. Сол кезде барынша сақ болуымыз қажет», – деді Шоранов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. Осы орайда вице-министр жаңа жылдағы жағдайды еске алды.

«Мысалы, жаңа жылдан кейін екі апта өткен соң, бізде науқастардың саны көбейді. Сондықтан халыққа тағы ескерту жасағымыз келеді. Үлкен той жасамаңыздар. Тек өз отбасыңызбен ғана болыңыздар. Бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажет»,  – деп түйіндеді Шоранов.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті