USD
USD
USD

Коронавирус қытай компанияларының акцияларын 8%-ға құлдыратты

Дүйсенбі күні Қытайдың қор биржаларында соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіш тіркелді.

Коронавирус қытай компанияларының акцияларын 8%-ға құлдыратты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Шанхай қаласындағы Shanghai Composite ( SHCOMP ) индексі 7,7%-ға, ал Шэньчжэндегі Shenzhen Composite биржасындағы акциялар Қытайдағы жаңа жылдан кейінгі алғашқы жұмыс күнінде 8,5%-ға арзандап кеткен. Әрбір индекстегі құлдыраудың салдарынан инвесторлар жалпы алғанда 445 миллиард доллар жоғалтқан.

Бұдан бөлек мұнайға деген сұраныс 20% -ға түсіп кеткен. Сан түріне аударғанда мұнай тұтыну көлемі күніне 3 млн баррельге дейін төмендеген. Мамандар мұның себебін де коронавирус індетімен байланыстыруда. Осыған байланысты қаржыгерлер Brent маркалы мұнайдың баррелінің бағасы 54 долларға дейін құлдырайды деп санайды.  Егер Қытайдағы індет ұзаққа созылса, мұнайдың баррелі 47 долларға дейін арзандауы мүмкін деп болжауда.

Қытай әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушы ел. Мұнайға деген сұраныс күніне шамамен 14 млн баррельді құрайды.

Қазір оқып жатыр

Karachaganak Support Service компаниясының негізін қалаушы 2,2 млн доллар жымқыру ісі бойынша сотталды

Сот балғасы

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер