USD
USD
USD

Коронавирус қашанға дейін жалғасады?

АҚШ ғалымдары коронавирустың шарықтау шегіне қашан жететініне қатысты болжам жасады, деп хабарлайды,  MedicalXpress сайты.

Коронавирус қашанға дейін жалғасады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мичиган университеті қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің ғалымдары 2010 жылдан бастап адам ағзасында коронавирустың 4 түрі (OC43, 229E, HKU1 және NL63) қалай тарайтынын бақылаған. Зерттеу жұмысына 1,4 мың адам қатысқан. Бүгінде олар зерттеу жұмысын аяқтапты.

Мамандар коронавируспен ауыру маусымдық сипатқа ие деген қорытынды жасаған. 97,5 пайыз жағдайда аурудың таралуы бәсеңдеген. Ал қаңтар және ақпан айларында ауру шарықтау шегіне жеткен.

Ғалымдардың айтуынша, зерттелген маусымдық коронавирустың SARS-CoV-2-мен байланысы бар. Бұл вирус COVID-19 пандемиясын туғызып отыр. Алайда ғалымдар жаңа коронавирус қандай боларына қатысты болжам жасай алмайтынын айтады. Айта кетейік, әлемде 1,5 миллион адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 88 мыңнан аса науқас аурудан көз жұмды. 

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға