USD
USD
USD

Коронавирус індетінің өршуі бүкіл елге қауіп төндіріп отыр

 Грузия үкіметі бірқатар тыйым мен шектеуді қайта енгізді. 

Коронавирус індетінің өршуі бүкіл елге қауіп төндіріп отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аджария өңірінде коронавирус індетінің өршуі бүкіл елге қауіп төндіріп отыр. Теңіз жағалауында орналасқан бұл аймаққа Тбилиси мен өзге қалалардың тұрғындары демалуға барған. Ал оқу жылы алдында олар үйлеріне қайта бастады. Мамандардың айтуынша, олар бұл жағдайға алдын ала дайындалды. Соңғы екі тәулік бойы Грузияда күн сайын вирус жұқтырған 45 адам анықталады. Бұл елдегі ең жоғары көрсеткіш. Осыған дейін бір күнде анықталған науқастардың саны отыз сегізден аспайтын еді. Осыған байланысты үкімет бұқаралық шаралар өткізуге тыйым салып, мәдени мекемелер мен оқу орындарының ашылуын кейінге шегерді.

Грузия үкіметі әкімшілігінің басшысы Натия Мезвришвили: "Ертеңнен бастап әлеуметтік іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Бұрын болған шектеулер қайта күшіне енеді. Бұл ережені сақтамағандар жазаға тартылады. Қоғамымыз азаматтық жауапкершілік танытуы тиіс" деді.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы