USD
USD
USD

Коронавирус індетінен 6,2 миллион адам көз жұмды

Коронавирус инфекциясының пандемиясы басталғалы бері әлемде аталған індеттен 6,2 млн адам қайтыс болды.

Коронавирус індетінен 6,2 миллион адам көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. АҚШ-тың Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирус инфекциясының тіркелген жағдайларының саны бүгінде 527 339 770 жетті.

Қауіпті індеттен 6 283 025 адам қайтыс болды.

Инфекцияның 20 миллионнан астам жағдайы анықталған елдер қатарына АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Германия және Ұлыбритания бар.

Коронавирусты жұқтырған және одан көз жұмғандар саны:

АҚШ - 83 706 662 және 1 003 743, Үндістан - 43 144 820 және 524 525, Бразилия - 30 851 191 және 666 261, Франция - 29 605 798 және 149 095, Германия - 26 198 811 және 138 779, Ұлыбритания - 22 462 129 және 178 973.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

Айбек Дәдебай

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қазмырыш

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

жолдағы жылдамдық