USD
USD
USD

Коронавирус індеті қанша уақытқа созылады?

Дәрігерлер инфекцияның орташа өмір сүру уақытын атады. Аурудың ұзаққа созылуы уақытылы және дұрыс емделмеуге байланысты екенін айтты

Коронавирус індеті қанша уақытқа созылады?
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар орта есеппен 11 күн ауырады, кей адам бірнеше күнде қалпына келеді, деп хабарлады Роспотребнадзор дәрігерлері.

Жалпы алғанда ауру 28 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл туралы Габричевский атындағы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институтының клиникалық жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Татьяна Руженцова мәлімдеді.

Оның сөзінше, аурудың екі аптадан астам уақытқа созылуына инфекция тудырған асқынулар себеп болады.

«Кей жағдайда асқыну белгілері қалады, үш айдан астам уақытқа дейін сақталса, кейде жарты жыл немесе одан да ұзаққа созылуы мүмкін», – деді Руженцова.

Институттың клиникалық бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, терапевт Дарья Хавкина аурудың ұзаққа созылуы уақытылы және дұрыс емделмеуге байланысты екенін айтты. Сондай-ақ адамдар ағзасының әртүрлі екені де әсер етеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы