USD
USD
USD

Коронавирус: Енді симптомды және симптомсыз болып бөлінбейді

Қазақстанда коронавирус статистикасы енді симптомды және симптомсыз болып бөлініп жарияланбайды.

Коронавирус: Енді симптомды және симптомсыз болып бөлінбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Тамыз-қыркүйек айларында симптомды және симптомсыз коронавируспен ауыру статистикасы біріктірілген болатын. Мұндай тәжірбие болжамдар жасайтын және медицинаның мүмкіншілігін есептейтін сарапшылар үшін ғана тиімді екеніне көзіміз жетті. Қоғамда сандарды шатастырып, түсінбейтін тұстар көбейіп кетті. Сондықтан күн сайын жарияланатын мәліметтерді екіге бөліп беруді тоқтаттық.

Егер ақпарат құралдары статистикалық деректерді ажыратып беруді сұраса, сұраухат арқылы ақпарат беруге әзірміз», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC