USD
USD
USD

Коронавирус белгілері анықталған жағдайда өз бетіңізше емделмеңіз

«Жас Қанат» бастапқы медициналық-санитарлық көмек орталығының» жалпы тәжірибе дәрігері Меруерт Көшенова онлайн брифинг барысында алматылықтарды коронавирус белгілері анықталған жағдайда өз бетінше емделмеуге шақырды.

Коронавирус белгілері анықталған жағдайда өз бетіңізше емделмеңіз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Үй жағдайында өздеріңізге ем-дом жасамаңыздар. Егер дене қызуының көтерілуі, тамақтың, кеуде қуысының ауыруы, жөтел және т.б. белгілер пайда болса, дереу тіркеу орны бойынша емханаға медициналық көмекке жүгініңіз. Симптомдарды елеусіз қалдыруға болмайды. Егер диспансерлік есепте тұрсаңыз, үнемі тексеруден өтіп, емдеуші дәрігердің тағайындауларын қабылдаған жөн», – дейді дәрігер.

Меруерт Көшенованың айтуынша, эпидемия басталғаннан бері «Жас Қанат» емханасына COVID-19-дың симптомсыз түрімен 145 науқас, жеңіл түрімен 98 науқас бақылауда болды, шамамен 80-і ауруханаға жатқызылды. Амбулаториялық кезеңде коронавирус инфекциясы бар 243 науқас емделіп шықты.

«Жалпы, биылғы жылы фильтрге жүгінген адамдардың саны артты. Маусым-шілде айларында емханаға күніне 40 адамға дейін келіп, күн сайын 30-ға жуық үйге шақыртулар болды. Мобильді топтың дәрігерлері 250 пациентке үйінде қызмет көрсетті»,– дейді Меруерт Көшенова.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай