USD
USD
USD

"Коронавирус Бас прокуратураға да жетті"

Nege.kz редакциясына хабарласқан тұрақты оқырманымыз Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры мен ҚР Бас прокуроры орынбасарының көмекшісі коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

"Коронавирус Бас прокуратураға да жетті"
Фото: NEGE.kz

Оқырманымыздың айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеровтің ағзасынан вирус табылғаны анық көрінеді. Ал Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрт орынбасары бар. Бірінші орынбасар Берік Асыловтан бөлек тағы үш орынбасар мыналар: Ерлік Кененбаев, Марат Ахметжанов және Болат Дембаев. Орынбасарлардың қайсысының көмекшісі вирус жұқтырғаны әзірге белгісіз. Тілшіміз мән-жайды анықтау үшін ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне хабарласты. Баспасөз қызметінің жетекшісі Александр Ким бұл мәселеге қатысты ешқандай түсініктеме бере алмайтынын айтты. Мекеме карантинге жабыла ма, жоқ па, бұл жағы да белгісіз.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова