USD
USD
USD

Коронавирус балалар мен қарттар арасында көп тарауда

Алматыда балалар мен қарттар арасында жұғу дерегі көбейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті.

Коронавирус балалар мен қарттар арасында көп тарауда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда эпидахуалды бақылап отыратын ASHYQ қосымшасы тек кәмелетке толғандар үшін ғана қолжетімді.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері Ресейде балалар қоғамдық орындарға бармас бұрын тексеруден өтуіне қатысты іс-шаралар қабылданғанын айтты. Бізде балаларға қатысты мұндай шаралар қабылдануы мүмкін бе деген сұраққа Алматының бас санитарлық дәрігері былай деп жауап берді:

«Бізде бұл мәселе әлі қарастырылған жоқ. Мысалы, 5 жасқа дейінгі балаларға маска кию режимі енгізілген жоқ. Бұрын індет туралы балаларға қатысты сөз аз қозғалды. Қазіргі жағдайды қарасақ, бір апта ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында аурудың таралуы 4%-ға артқан. Ал 60 жастан асқандардың арасында 6%-ға көбейген. Бұл жаңа пайда болған штамның қаншалықты патогенді екендігін көрсетіп отыр», - деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігердің айтуынша, балалардың ауруға шалдығуы көбейсе, бұл деректер ASHYQ қосымшасына енгізілуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

.

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар