USD
USD
USD

Коронавирус: Алматыда 172 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 514 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. 

Коронавирус: Алматыда 172 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 5 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 419 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 403, симптомсыз – 16 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 200, келіп түскені – 166.

«Инфекциялық стационарларда 1 514 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 56 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 172 адам жатыр.

Ал 31 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 78 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 47 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 485 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 3 344 науқас. 141 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы