USD
USD
USD

Коронавирус «Әлем барысын» алып жықты

Қазақша күрестен әлем чемпионы Айбек Нұғымаров коронавирус белгісімен ауруханаға түсті. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің Инстаграм желісіндегі аккаунты хабарлады.

Коронавирус «Әлем барысын» алып жықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгін Семей қаласында COVID 19 диагнозымен аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне Семейдегі қос бірдей колледждің директорлары – электротехникалық колледждің директоры Азат Сарпеков пен Семей көлік колледжінің директоры, Қазақша күрестен үш дүркін әлем чемпионы, «Әлем барысы» жарысының қос дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаровтың жатқызылғаны белгілі болды, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Семей қаласының әкімдігі тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға шақыруда. Қалада  санитарлық талаптардың орындалуын қадағалайтын мониторинг тобы құрылды. Шығыс Қазақстан өңірінде карантин шаралары шілденің 1-не дейін ұзартылған.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова