USD
USD
USD

Коронавирус: 406 науқастың жағдайы ауыр

 17 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 3,2 мың науқас стационарларда ем қабылдауын жалғастыруда.

Коронавирус: 406 науқастың жағдайы ауыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті. «Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 18 841 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 99 бала бар. Стационарларда 3 279 науқас жатыр. 15 562 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 406 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 103 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», - делінген ведомство ақпаратында. Мәлім етілгендей, Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша мәліметтерді күн сайын жариялап отырады. Статистикада – бір тәуліктегі мәліметтер, ПТР-тестілеу оң және теріс нәтиже көрсеткен науқастардың жалпы саны және өлім-жітім жағдайлары көрсетіледі. Барлық ақпарат ведомствоның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында таратылады. Қазақстанда осы уақытқа дейін коронавирусқа жалпы 103 033 адам шалдықты. Жазылып шықты - 82 777, қайтыс болды 1269 науқас.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны