USD
USD
USD

Коронавирус: 308 науқастың ахуалы нашар

25 тамыз күнгі жағдай бойынша коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты мәлімет жарияланды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Коронавирус: 308 науқастың ахуалы нашар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 963 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 49 өскіншек бала бар. Стационарларда 5 248 науқас жатыр. 4 715 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 308 адамның ахуалы нашар.

Соның ішінде 61 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 47 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай әр тәуліктегі ахуал туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады.

Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. 

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны