USD
USD
USD

Коронавирус: 217 адам кемі үш күнге оқшауланады

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін таңертеңгі 06.05-те Бейжіңнен еліміздің 217 азаматын әкелгенін жеткізді. Олар қазір арнайы медициналық ұйымға орналастырылған көрінеді. Министрлік араларында науқас адамдар тіркелген жоқ дегенді айтты.  

Коронавирус: 217 адам кемі үш күнге оқшауланады
Фото: NEGE.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласып, Қытайдан эвакуацияланған азаматтардың жағдайын сұрадық. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылғы 6 қаңтардан 8 ақпанға дейін елімізге 30857  адам келген.

6 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің санитариялық-карантиндік пункттерінің мамандары халықаралық әуежайларда және теміржол вокзалдарында Қытаймен шекаралас мемлекеттер арқылы өткізу пункттерінде 30 мың 852 адамды арнайы тексеруден өткізіпті.

Бүгінгі күнге дейін ЖРВИ белгілерімен 140 адам көпшіліктен оқшауланып, емдеуге жатқызылса, оның 113-і шығарылды, стационарда медициналық бақылауда 27 адам қалды. Ал 83 эвакуацияланған азаматтың 13-інің дене қызуы көтерілмеген.

ҚХР Ухань қаласынан Ресей Федерациясына (Түмен облысы – 3 адам) және Өзбекстан Республикасына (5 адам) эвакуацияланған Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ, коронавирус белгілері анықталған жоқ.

Сондай-ақ, бүгін таңертеңгі сағат 6:05-те Қытайдан  Нұр Сұлтан қаласына келген 217 қазақстандық азаматтың барлығы медициналық және зертханалық тексеруден өту үшін кемінде 3 күн мерзімге ауруханаға  жатады. Мамандар   олардың денсаулығы бірқалыпты дейді.

Ал емдеуге жатқызылғандардың барлығының сынамасын қосымша бақылау үшін Алматыдағы жаңа коронавирусты ПТР-диагностикалау әдістемесі бар Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығына жіберілген. Министрліктің айтуынша, қазір елімізде қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақстаттағы бұйымдар жеткілікті, ал инфекциялық ауруханаларда оқшаулауға арналған боксы бар орындар мен дәрігерлер де сақадай-сай көрінеді.

Қазақстандықтардың алғашқы легі Қытай елінен 2 ақпанда жеткізілген  еді. 83 азаматтың 80-і – студенттер.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.