USD
USD
USD

Коронавирус: 200-ге жуық науқастың хәлі ауыр

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 7 379 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 30 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 811 науқас жатыр. 3 568 адам амбулаториялық жағдайда емделуде, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус: 200-ге жуық науқастың хәлі ауыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жалпы науқастардың арасында 197 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік көрсеткіш туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшаларында таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлайды.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны