USD
USD
USD

«Король кубогында» нағыз корольдік клуб басым түсті

Футболдан Испания Кубогының 1/4 финалының барлық ойындары аяқталды. Турнирдің басты фавориттері - мадридтік «Реал» мен каталондық «Барселона» «Реал Сосьедад» пен бильбаолық «Атлетиктен» жеңіліп қап, соңғы 10 жылда тұңғыш рет ақтық сынға шыға алмады.

«Король кубогында» нағыз корольдік клуб басым түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Испания футболының басты грандтары қатыспаған соңғы финал 2009/2010 жылғы маусымда өткен еді. Ол кезде ақтық сында «Севилья» мен мадридтік «Атлетико» кездесіп, севильялықтар «Камп Ноу» стадионында 2:0 есебімен жеңіске жетіп, кубокты олжалаған. Сонымен бірге мадридтік және каталониялық командалар соңғы 65 жылда алғаш рет бір күнде жарыс жолынан шығып қалды. Және «Барселона» мен «Мадридті» сүріндірген қос команда да Баскілер елінен. «Барселона» «Атлетикпен» кездесуде соңғы сәттерде гол жіберіп алып, жеңілістің ащы дәмін татты.

Ал «Реал Мадрид» пен «Реал Сосьедад» арасындағы кездесу аса тартысты өтіп, 3:4 есебімен нағыз корольдік клуб жеңіске жетті. Бұлай дейтініміз, Испанияда ресми түрде корольдік клуб мәртебесі «Реал Сосьедад» командасына берілген. Нағыз король күшін корольдік кубокта көрсетті деуге болар.   

Испания Кубогының қазіргі жеңімпазы - өткен жылы «Барселонаны» жеңген «Валенсия» да «Гранададан» ұтылып, чемпиондық атағын қорғай алмайтын болды. Енді Испания кубогының иесі «Атлетик» (Бильбао), «Гранада», «Мирандес» немесе «Реал Сосьедадтың» біреуі болады. 

 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.