USD
USD
USD

Көрнекі ақпараттың дұрыс жазылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

"Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" Заңына сәйкес, Еңбекші ауданы аумағындағы Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарының қасбеттеріндегі атаулары орфографиялық дұрыс жазылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Көрнекі ақпараттың дұрыс жазылуы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Көрнекті ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен жазылуы тиіс: мемлекеттік тілде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей өлшемдегі әріптермен жазылады. Қажеттігіне қарай көрнекті ақпараттың мәтіндері қосымша басқа да тілдерге аударылуы мүмкін. Бұл жағдайда қаріп өлшемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс.

Аталған талаптардың сақталмауы “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Осыған орай, кәсіпкерлік нысан иелеріне көрнекті ақпарат мәтінін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру туралы түсіндіру жұмыстары атқарылды. Аталған жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам