USD
USD
USD

Қорқыт ата университетінің студенттері көшет отырғызды

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері мен оқытушылары Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бастау алған "Таза Қазақстан – таза аймақ" облыстық акциясына университеттің Ботаникалық бағында ағаш көшеттерін отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Университет
Фото: Фото: Қорқыт ата атындағы университет

Акция барысында университеттің 100-ден астам студенттері мен аға буын оқытушылары 500-ге жуық ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың жасыл желекке айналуына атсалысты.

Студенттер
Фото: Қорқыт ата атындағы университет

Аймақтың ең үлкен іргелі оқу орны Қорқыт ата университетінің Ботаникалық бағы қалаға көрік беретін жасыл желек ғана емес, студенттердің тәжірибелік сабақтарының базасы саналады.

Аталған оқу орнының студенттері жыл сайын дәстүрлі түрде көктемгі көгалдандыру жұмыстары мен ағаш көшеттерін отырғызуға белсенді қатысып келеді.

Студент
Фото: Қорқыт ата атындағы университет

Жуырда республика аумағында бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына орай аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың үндеуіне бір ауыздан қолдау білдірген университет студенттері көтеріңкі көңіл-күймен белсенділік танытты.

Қазір оқып жатыр

РФММ оқушыларының жаппай ауруханаға түсуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қылмыстық іс

ДСМ Алматыда елуге жуық оқушы уланған мектеп асханасында қандай талаптар бұзылғанын айтты

Асхана, тамақ

Бектенов: «Ауқатты адамдар мемлекеттен көмек алмауы керек»

Ақша

Үкімет басшысы бюджет тапшылығы 1 трлн теңгеге дейін қалай қысқартылатынын түсіндірді

Олжас Бектенов