USD
USD
USD

Көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионатында топ жарды

Көркем гимнастика шеберлері жүлдегер атанды.

Көркем гимнастика шеберлері Азия чемпионатында топ жарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақ қыздары Азия үздігі атанды. Көркем гимнаситика шеберлерінің бәсекесі Тайландттың Паттайя қаласында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазақстан құрамасы командалық және көпсайыс жаттығуларда жақсы өнер көрсетті. Әсіресе жасөспірімдер қос бағытта да бірінші орынға тұрақтады. Ал жекелей сында Милана Парфилова топ жарды. Ол доппен жаттығу жарысына қатысқан болатын. Бұған қоса, Айым Мейіржанова мен Эрика Жайлауова күміс жүлдегер атанды. Олар сәйкесінше, булавамен және лентамен өнер көрсеткен еді. Ересектердің де көрсеткіші жаман емес. Қазақстан құрамасы командалық біріншілікте 2-орынға тұрақтаса, көпсайыс бәсекесінде үздік үштікті түйіндеді. Ал шымкенттік Елжана Тәниева лентамен жаттығуда алдына жан салмай, Азия чемпионы атанды. 

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар