USD
USD
USD

Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды.

Қазақстан құрамасы
Фото: qaz_olympics

Алматы, NEGE. Ел құрамасы сапында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманшалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшылар 204.6708 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Көркем жүзу. Қыздар. Аралас топтық сайыс

1.Қазақстан - 204.6708 ұпай

2. Өзбекстан - 183.5552

3. Таиланд - 124.9374

Еске салсақ, бұдан бұрын XI Азия чемпионатында су добынан Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы ойында Шри-Ланканы 43:1 есебімен ойсырата жеңген еді. 

Қазір оқып жатыр

Францияда аптап ыстықта көлікте қалған екі бала көз жұмды

Аптап ыстық

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабай

Тасымалдаушының «көмегіне» жүгінген алматылық 60 млн теңге шығынға ұшыраған

алаяқтық

АҚШ келіссөздерден кейін Иранға қарсы санкцияларды алып тастады

санкция