USD
USD
USD

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы Португалиядағы турнирде үздіктер сапынан көрінді

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшелері Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова Португалияда өткен "Шақырту кубогінде" жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Көркем гимнастика
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Көпсайыс қорытындысы бойынша Парфилова 5, Жайлауова 7-орыннан көрінді.

Ал жекелеген жаттығулар бойынша өткен финалда екі спортшымыз да жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Атап айтар болсақ, Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда күміс, таспамен жаттығуда қола жүлдегер атанды.

Эрика Жайлауова доп жаттығуында күміс алса, шығыршықпен жаттығуда 4-орынға табан тіреді.

Ал Қазақстан командасының үздіктері Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы алдағы әлем кубогі кезеңдеріне дайындалуда.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы