USD
USD
USD

«Көрісу» дәстүрі мереке күні болып енгізілмек

Қазақстанның мерекелік күндер тізбесіне «Көрісу» дәстүрі енгізілмек.

«Көрісу» дәстүрі мереке күні болып енгізілмек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысы келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын: «3-1. «Көрісу» (Амал) дәстүрі – 14 наурыз», - делінген үкімет қаулысының жобасында.

Түсіндірме жазбада айтылғандай, бұл жоба премьер-министр Асқар Маминнің 2019 жылғы 10 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес әзірленген.

«Жобаны қабылдау қазақ халқының үздік дәстүрлерінің сақталуына, адамдарда мейірімділікті, қайырымдылық пен сыйластықты тәрбиелеуге ықпал етеді», - деп мәлімдеді Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова түсіндірме жазбасында.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне тағы 30 жыл жаза кесілді

 Юн Сок Ёль

Алматыдағы «Байсат» базары әкімдік меншігіне өтуі мүмкін

Байсат

ЕҰУ профессоры Президентке видеоүндеу жолдап, тұрғын үй дауына байланысты көмек сұрады

.

PhD-докторанттар енді грантты мектептерде жұмыс істеп те өтей алады

Докторанттар