USD
USD
USD

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жақын арада ашылады

Талдықорғанда ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Жетісу облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы орталығы жақын арада ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Экономикалық блок мәселелері туралы сөз қозғаған Премьер-Министр логистиканы дамыту облыстағы перспективалы бағыттардың бірі екенін атап өтті. Ол пандемия басталғаннан бері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы тоқтап тұрғанын, алайда қазіргі уақытта қытай тарапымен оны ашу туралы келісімге қол жеткізілгені туралы айтты.

 «Қорғас» жақын арада өз жұмысын бастауы тиіс. Енді дайындық жұмыстарын жеделдетіп, Орталық қызметіне тартылған барлық құрылымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету керек», — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов жоспарланып отырған инвестициялық жобаларды уақытылы іске қосудың және өңірді қолжетімді бағада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей

Китана «Бүркіт» арнайы жасағына қабылданған алғашқы жауынгер қыз атанды

Китана – Қымбат