USD
USD
USD

«Қорғас» халықаралық орталығы Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті

"Қорғас" халықаралық орталығы Жетісу облысы әкімдігіне қарайды. 

«Қорғас» халықаралық орталығы Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес ҚР Үкіметі қаулы етеді:

«Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi ҚР заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілсін», - делінген Үкімет қаулысында.

Айта кетейік, бұған дейін аталған халықаралық орталық республикалық меншікте болды және оны басқару мен жұмысын үйлестіру Алматы облысы әкімдігінің құзыретінде болған еді.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті