USD
USD
USD

Қорғас – Алматы тас жолында екі көлік өртеніп кетті

Жаркент қаласының маңында қатты жылдамдықпен жүрген екі Ауди көлігі соқтығысып, оқиға орнында жанып кетті, деп хабарлайды Kazinform.

Қорғас – Алматы тас жолында екі көлік өртеніп кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жол апаты 18 қарашада Қорғас – Алматы тас жолында болды. Апаттан 5 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Ауыр жарақат алған бір жолаушы медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.

«Автокөліктер «Алматы-Қорғас» тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдің бірінің дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рөлге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берген. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған төтенше жағдай қызметінің өрт сөндірушілері өшірді», – деп хабарлады Панфилов ауданының полициясы.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар