USD
USD
USD

Қорғаныс өнеркәсібі дамып келеді

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі технологиялық даму мәселелері бойынша қорғаныс өнеркәсібі блогының есебін тыңдады.

Қорғаныс өнеркәсібі дамып келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ 2020 жылдың өндірістік қорытындылары шығарылып, 2021 жылға міндеттер қойылды, деп хабарлайды ҚР Инустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram арнасы.

Жалпы алғанда, қорғаныс өнеркәсібі кешенінде қазіргі экономикалық жағдайда өндірістік тұрақтылығы сақталып, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 11% өсті.

Оның ішінде азаматтық мақсаттағы өнім өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен (32,7%) қамтамасыз етілді.

«Қорғаныс өнеркәсібі құрамында жоғары кәсіби инженерлік-техникалық кадрлардың және қазіргі заманғы жабдықтардың болуы 2021 жылы да әуе құрылысы саласында, зымырандық-артиллериялық қару-жарақ, сауытты танктік қару-жарақ өндірісінде, медициналық жабдықтар, компьютерлік техника, байланыс құралдары, сондай-ақ мұнай жабдықтары мен темір жол саласына қажетті өнімдер өндірісінде жақсы көрсеткіштерді сақтауға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: Құрылтай халыққа үндеу жасады

Құрылтай

Қазақстандықтар медициналық картасын кім және не үшін қарағанын біле алады

жеке дерек

Қазақстанда емделетін шетелдіктер көбейген: заңға «медициналық туризм» ұғымы енгізілмек

дәрігер

Түркістан облысында бас дәрігер бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша 8 жылға сотталды

сот балғасы