Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қорғаныс министрлігі Тәжікстан мен Қырғызстанға әскери көмек не үшін берілгенін түсіндірді

Қазақстанның Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы шекара дауын өршітуге ниеті жоқ. Қорғаныс министрлігі Тәжікстанға әскери-техникалық көмек көрсету туралы шешімді түсіндірді.

Қорғаныс министрлігі Тәжікстан мен Қырғызстанға әскери көмек не үшін берілгенін түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ведомство мәліметі бойынша, 2019 жылғы желтоқсанда Тәжікстан Қорғаныс министрлігі тәжік-ауған шекарасы ауданындағы жағдайдың күрделенуіне байланысты Қазақстан тарапынан әскери-техникалық көмек сұраған. Соған байланысты өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісім әзірленген. Құжатқа 2021 жылы 17 сәуірде қол қойылды.

Министрлік хабарламасында көрсетілген мәліметке сүйенсек, 2 наурызда Қырғызстанмен дәл осындай келісімге қол қойылған.

"Яғни, Қырғызстан және Тәжікстан осы келісімге шекара маңындағы даулар шиеленіскенге дейін қол қойды. Қазіргі уақытта келісімдерді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл елдерге әскери-техникалық көмек көрсету Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара маңындағы дауларды өршіту ниетінде жасалған жоқ. Бұл келісімдерге Ауғанстаннан халықаралық коалиция елдерінің әскери контингентін шығару жоспары аясында қол қойылған. Қырғызстан мен Тәжікстанға әскери-техникалық мүлікті жеткізу қайшылықтарды реттеу және жағдайды қалыпқа келтіру туралы уағдаластыққа келгеннен кейін ғана жүзеге асады", - деді Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА