USD
USD
USD

Қорғаныс министрлігі Талдықорған әуе базасындағы қызметкердің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Талдықорғанда жауынгерлік ұшақтан оқ-дәрілерді түсіру кезінде бір адам қаза тауып, екіншісі жарақат алды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Қорғаныс министрлігі Талдықорған әуе базасындағы қызметкердің өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2023 жылғы 15 тамызда Талдықорған авиациялық базасында жауынгерлік ұшақты ұшуға дайындау кезінде оқ-дәрілер өздігінен құлап кетті. Соның салдарынан 2 әскери қызметші зардап шекті. Олардың біреуі алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды. Қарулы күштердің қолбасшысы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты