USD
USD
USD

Қорғаныс министрлігі саперлердің күшімен пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді жоймақ

Қорғаныс министрі генерпл-лейтенант Мұрат Бектанов ақпараттық кеңес өткізді. 

Қорғаныс министрлігі саперлердің күшімен пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді жоймақ
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Кеңесте дәрі қоймаларын тексеру барысы туралы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы бастығының баяндамасы қаралды. Инспекциялаудың аралық нәтижесі бойынша қазіргі уақытта шешілмеген негізгі мәселе түгендеу нәтижесінде әскери мүлік ретінде пайдаланылмайды деп танылған оқ-дәрілерді кәдеге жарату болып табылады.

Заң жүзінде оқ-дәрілерді кәдеге жарату жөніндегі жұмысты уәкілетті орган – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүргізеді. Бұл ретте оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың оқ-дәрілерді жою бойынша мүмкіндігі шектеулі. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі пайдаланылмайтын әскери мүлікті қоймалар мен базаларда жылдар бойы сақтауға мәжбүр болады.

Оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қорғаныс ведомствосы 2021 жылғы 30 қыркүйекте Үкімет қабылдаған № 964 қаулыны әзірледі. Оған сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, саперлердің күшімен пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді қоймалардан әскери полигондарға шығару жұмысын ұйымдастырып, жоятын болады. Тікелей іс-қимыл тәртібін екі министрліктің бірлескен бұйрығы айқындайды.

Одан бөлек қысқа дайындық мәселесі қаралды. Лауазымды адамдардың баяндамасы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық әскери объектілерінің қысқа дайындығы 96,5%-ті құрайды. Ауа райы жағдайына сәйкес жылыту елдің солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріндегі әскери қалашықтарда іске қосылды. Қазандықтар қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген. Одан басқа, Қорғаныс министрлігі алғаш рет жылыту маусымында қызмет көрсететін персоналды материалдық ынталандыруды көздеп отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары